Елдік Челлендж

Құрметті Павлодар медициналық жоғары колледжінің қызметкерлері!

Сіздерді техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру қызметкерлері күнімен шын жүректен құттықтаймыз! Сіздердің еңбектеріңіз бен іске адалдығыңыз біздің ортақ болашағымызды қалыптастырып, кәсібилік деңгейін жаңа биіктерге көтереді.

Құрметті әріптестер, сіздердің әрқайсыңыз білікті мамандарды даярлауда маңызды рөл атқарасыздар, ал олар кейін қоғамның маңызды мүшелеріне айналып, түрлі салалардың дамуына үлес қосады. Сіздердің еңбектеріңіз, кәсібиліктеріңіз бен іске адалдығыңыз студенттер мен әріптестер үшін шабыт көзі болып табылады.Ортақ жүйеміз үшін бірлесе еңбек етіп, бір-бірімізді қолдап, жаңа жетістіктерге жете берейік!

#біздіңТжКБ#РахметҰстаз #нашеТиПО

Қосымша жаңалықтар

2026 жылғы 24 ақпанда клиникалық пәндер №1 ЦМК пәндік апталығы аясында арнайы пәндер оқытушысы Жеңісбеков А.А. «Емдеу ісі» мамандығының 310 тобының білім алушыларына «Терапиядағы жедел шұғыл көмек» пәні бойынша «Жедел аллергия» тақырыбында ашық сабақ өткізді.

2026 жылғы 20 ақпанда санитарлық-гигиеналық, фармацевтикалық және стоматологиялық пәндер ЦМК пәндік апталығының қорытындысында арнайы пәндер оқытушылары Тауырбеков Т. Р. мен Торбаева С. К. 310-топ «Стоматология» мамандығы студенттері арасында «Үздік дантист» атты кәсіби байқау өткізді.