2025 жылғы 28 наурызда Павлодар медициналық жоғары колледжінде «Зертханалық диагностика» мамандығының екінші курс студенттері арасында жұмысшы мамандықтар жылына арналған «Үздік медициналық зертханашы» колледжішілік кәсіби конкурсы өткізілді.

Конкурсқа қатысушылар теориялық білімдерін практикада қолдана отырып, дайындықтың жоғары деңгейін көрсетті. Бұл оқиға болашақ мамандардың кәсіби дағдылары мен білімдерін жетілдіруге деген ұмтылысының жарқын мысалы болды.

Конкурс кәсіптік оқытуды насихаттау, теориялық, практикалық және оқыту үрдісінде алған білімдері мен дағдыларын шоғырландыру және тереңдету, дарынды және қабілетті студенттерді анықтау және зияткерлік даму мақсатында өткізілді.

Конкурс қорытындысы:

1 орын-Бегалинова Фарида

2 орын-Москалева Екатерина

3 орын-Айтқожанова Дильназ