Басты бет / Материалдық-техникалық база
Материалдық-техникалық база
"ПАВЛОДАР МЕДИЦИНАЛЫҚ ЖОҒАРЫ КОЛЛЕДЖІ"ШЖҚ КМК материалдық-техникалық базасы туралы ақпарат.
Павлодар медициналық жоғары колледжі кәсіптік-техникалық училищеге арналған үлгілік оқу ғимаратында орналастырылған, онда жеке тұрған 3 корпуста теориялық және практикалық сабақтар өткізуге арналған кабинеттер, дәріс аудиториялары мен зертханалар орналастырылған, ал олардың бірінде шаруашылық-тұрмыстық үй-жайлар бар.
Екі ғимараттың жалпы ауданы 10741,1 кв. м., оның ішінде оқу алаңы – 6837,8 кв.м., сондай-ақ, колледж Павлодар жоғары мұнай-газ колледжінде үш оқу аудиториясын жалға алады, оның ішінде-147 кв. м., 1 оқушыға 6,8 кв.м. келеді, бұл қолданыстағы санитарлық нормаларға сәйкес келеді.
225 орындық акт залы, ауданы 268 кв.м. типтік спорт залы, тренажерлерге арналған үй-жай, киім ауыстыратын бөлме, душ бөлмесі бар. Сауықтыру іс-шаралары заманауи тренажерлармен жабдықталған типтік спорт залында, тренажер залында өтеді. Колледж ауласында кәсіби футбол алаңы орналасқан.
2024 жылы Колледж студенттері мен жас денсаулық сақтау салаксының мамандары үшін 107 орындық жатақхана ашылды және жұмыс істейді.
Колледжде 1-қабатта орналасқан медициналық пункт бар. Медициналық пунктте: қабылдау кабинеті және емшара кабинеттері бар. Медициналық пункт санитарлық-эпидемияға қарсы талаптарға сәйкес шұғыл көмек көрсету үшін барлық қажетті құрал-жабдықтармен, медициналық жабдықтармен және дәрі-дәрмектермен жабдықталған. Алдын алушылық егулер бекітілген жоспарға сәйкес жүргізіледі. Медицина қызметкері Колледждің санитарлық жағдайын, асханада тамақ дайындау сапасын бақылайды, санитарлық-гигиеналық режимді сақтау және салауатты өмір салтын насихаттау бойынша жұмыс жүргізеді.
Колледжде 200 орындық асхана жабдықталған және жұмыс істейді, онда барлық қажетті негізгі және қосалқы үй-жайлар, жабдықтар мен мүкәммал бар. Мұның бәрі білім алушыларды, педагогикалық ұжымды және қызметкерлерді түрлі ыстық тамақпен және нан өнімдерімен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Асхананың қызметін медициналық пункт меңгерушісі және Облыстық мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау департаменті бақылайды.
Колледжде 30 орындық кітапхана мен оқу залы бар. Кітапхананың 1.09.2024 жылңы жағдай бойынша жалпы кітап қорында 45552 дана (оның ішінде мемлекеттік тілде 13001 дана) кітап бар. Медиатека қоры 4790 электрондық басылымнан тұрады (оның ішінде мемлекеттік тілде —470). Кітапхана білім алушылар мен оқытушыларды анықтамалық-библиографиялық және ақпараттық қамтамасыз етуді уақтылы ұйымдастырады, кітапхана қоры жыл сайын жаңа оқу және ғылыми-әдістемелік әдебиеттермен жинақталады.
Колледждің оқу базасы теориялық оқыту үшін 41 аудиториямен және клиникаға дейінгі практика зертханалары мен кабинеттерімен жабдықталған оқу бөлмелерімен қамтамасыз етілген. Қажетті жабдықтармен, ТОҚ және көрнекі құралдармен жарақтандыру 92,9% құрайды.
-жалпы білім беретін және әлеуметтік-экономикалық пәндер бойынша: Қазақстан тарихы, әлеуметтік-экономикалық пәндер, тілдік даярлық, дене шынықтыру, математика және информатика кабинеттері ашылды;
— жалпы медициналық пәндер бойынша: қалыпты және патологиялық анатомия, қалыпты және патологиялық физиология зертханалары;
— арнайы пәндер бойынша кабинеттер: ішкі аурулар, хирургия, балалар аурулары, акушерлік және гинекология, мейірбикелік технологиялар, стоматологиялық және фармацевтикалық пәндер.
Қалыпты және патологиялық анатомия, қалыпты және патологиялық физиология кабинеттерінде ересек адамның қаңқалары, сүйек-бұлшықет, жүрек-қан тамырлары, несеп-жыныс, тыныс алу жүйелерін зерттеуге арналған муляждар, атластар, альбомдар, ішкі ағзалардың макро және микропрепараттары қалыпты және патологияда, микроскоптар бар.
Арнайы пәндер кабинеттері қажетті жабдықтармен, фантомдармен, муляждармен, тренажерлармен және оқу-әдістемелік әдебиеттермен жабдықталған.
«Емдеу ісі», «Мейіргер ісі» мамандықтары бойынша оқу кабинеттерін жабдықтау және ресімдеу емдеу-алдын алу мекемелерінің жағдайына жақын. Мысалы: триаж жүйесі бар қабылдау бөлімі, кезекші мейірбике посты, ем-шара кабинеті.
Хирургия кабинетінде таңу кабинеті, жарақат пункті орналастырылған. Кабинет шыны шкафтармен, хирургиялық құралдардың толық жиынтығымен, операцияға арналған материалдар мен халаттар жиынтығы бар бикстермен, тігіс материалымен, жаралар жиынтығымен, интубацияға арналған анестезиолог жиынтығымен, шиналармен, зембілдермен, реанимациялық іс-шаралар көрсетуге арналған тренажерлармен, оқушылар мен оқытушыларға арналған оқу-әдістемелік материалдармен жабдықталған.
Балалар аурулары кабинетінде дені сау баланың кабинеті ашылды. Онда педиатриялық тақырып бойынша, егу ісі бойынша, таразы, бой өлшегіш, жаңа туған нәрестенің гигиенасына арналған жиынтықтар бойынша оқу-әдістемелік материалдар жеткілікті мөлшерде бар, өңдеу және орау үшін қуыршақтар да бар.
Акушерлік және гинекология кабинетінде кушеткалар, бой өлшегіштер, гинекологиялық креслолар, гинекологиялық және акушерлік фантомдар, қуыршақтар, қынаптық зерттеуге арналған әйел жыныс мүшелерінің муляждары, гинекологиялық және акушерлік құралдар жинағы бар медициналық шкафтар, оқу плакаттары, көрнекі құралдар, оқу-әдістемелік материалдар бар тексеру кабинеті ресімделді.
Ішкі аурулар кабинетінде терапевтік стационарлардың жұмысын реттейтін қажетті оқу-әдістемелік материалдар бар, дивандармен, пальпацияға арналған тренажерлармен, глюкометрлермен, пикфлуометрлермен, ингаляторлармен, тонометрлермен, фонендоскоптармен, небулайзерлермен, егуге арналған фантомдармен жабдықталған.
«Стоматология» және «Ортопедиялық стоматология» мамандықтары бойынша сабақтарды ұйымдастыру үшін тіс дәрігерлік пәндердің зертханалары, негізгі, қосалқы және функционалдық бөлімшелері бар тіс-жақ протездерін дайындау жабдықталған.
Фармацевтикалық пәндер кабинеттерінде аналитикалық және фармацевтикалық химия, дәрілік нысандар технологиясы және фармакогнозия сабақтарын өткізу үшін қажетті зертханалық жабдықтар, химиялық реактивтер мен заттар бар.
Дәрілік формалар технологиясы, фармакология, фармацевтикалық химия зертханасында әрбір білім алушы үшін жұмыс орындары құрылды, бұл оқу практикасын фармацевттің болашақ өндірістік қызметіне жақындатуға мүмкіндік береді.
«Зертханалық диагностика» мамандығы бойынша арнайы пәндер бойынша практикалық сабақтар базалық ЕСҰ-да және зертханаларда жүргізіледі, онда білім алушылар зертханалардың барлық қажетті жабдықтарын пайдалануға мүмкіндік алады.
Ақпараттық-әдістемелік кабинет Колледждің оқу-әдістемелік жұмысын үйлестіретін кабинет ретінде ресімделген. Кабинетте Үлгілік оқу және жұмыс жоспарлары, Үлгілік оқу және жұмыс оқу бағдарламалары, біліктілік сипаттамалары және мамандықтар бойынша білім беру стандарттары бар. Кабинет жұмысында денсаулық сақтау және білім беру мәселелері бойынша бұйрықтар, мерзімді басылымдар пайдаланылады.
Колледжде 122 дана дербес компьютерлермен жабдықталған 5 компьютерлік сынып бар. Компьютерлік және ұйымдастыру техникасымен оқу бөлімі, кадрлар бөлімі, директор кабинеті, қабылдау бөлмесі, директор орынбасарларының, бөлімше меңгерушілерінің кабинеттері, кітапхана, бухгалтерия, іс жүргізушілер кабинеті қамтамасыз етілген.
Колледждің барлық компьютерлері жергілікті желіге біріктірілген және кең жолақты интернет желісіне қол жеткізе алады, он қоғамдық Wi-Fi нүктесі бар. Директордың қабылдау бөлмесінің электрондық мекенжайы mc_pavlodar@mail.ru. бейнебақылау және өрт дабылы жүйесі орнатылған. 14 дана интерактивті тақталар бар.
On-line режимінде бейнеконференция-дәрістер өткізуге мүмкіндік беретін бейнеконференц-зал жабдықталған. Тілдік пәндерді оқытудың толыққанды жағдайларын жасау, білім беру ортасына жаңа мультимедиялық технологияларды қолдану үшін лингафон кабинеті жұмыс істейді.