Басты бет / Үздік оқытушы

Үздік оқытушы

2024-2025 оқу жылының «Үздік оқытушысы» Мапитова Анелия Сергеевна, клиникалық пәндер оқытушысы

Мапитова Анелия Сергеевна «Қарағанды мемлекеттік медицина университеті» шаруашылық жүргізу құқығындағы РМК-ны «Мейіргерлік іс» мамандығы бойынша аяқтап, «ҚММУ-дың 2016 жылғы Үздік түлегі» атағына ие болды.

Қазіргі уақытта Анелия Сергеевна арнайы пәндер оқытушысы және қолданбалы бакалавриат студенттерінің ғылыми жетекшісі болып табылады.

Анелия Сергеевнаның педагогикалық қызметі – дәлелді мейіргерлік тәжірибе мен студенттердің сыни ойлауын дамыту қағидаларына негізделген.

2024 оқу жылында Анелия Сергеевна: аймақтық «Педагогикалық шеберлік» байқауында  І дәрежелі дипломмен,  Республикалық «English in nursing» байқауында ІІ дәрежелі дипломмен,

«Саламатты Павлодар» медицина қызметкерлері қауымдастығының «Құрмет грамотасымен»,

Павлодар облысы Денсаулық сақтау басқармасының «Алғыс хатымен» марапатталды.

Анелия С. жетекшілігімен бірнеше студент облыстық және аймақтық ғылыми конференциялар мен байқауларда жүлделі орындарға ие болды.

2024–2025 оқу жылында Мапитова А.С. Павлодар облысы Денсаулық сақтау басқармасы ұйымдастырған «Медициналық колледждің үздік оқытушысы» өңірлік байқауының жеңімпазы атанды.

2024–2025 оқу жылының қорытындысы бойынша оқытушылардың педагогикалық қызметін рейтингтік бағалау Ережесіне сәйкес, арнайы пәндер оқытушысы Мапитова А.С. колледждің «Үздік оқытушысы» деп танылды.

Мұғалім үшін үздіксіз білім алу мен өзін-өзі дамыту – кәсіби қызметінің негізі болып табылады. Тек 2023–2024 оқу жылы ішінде Мапитова А.С. 11 біліктілікті арттыру және қосымша білім беру курстарынан өтті, оның 5-еуі шетелдік (Стенфорд университетінің Медицина мектебі және Миннесота университеті).

«Елімізде мейіргерлік істі реформалау басталған сәттен бастап менің ұстаздық жолым да басталды. Жаңа формациядағы мейіргер ретінде дәлелді медицинаны, шет тілін және медициналық менеджментті үйренуді насихаттап келемін. Өз мүмкіндігім шегінде мейіргерлік істі дамыту мен осы мамандықтың беделін арттыру – менің борышым. Мейіргерлік және оқыту – менің басты күш-жігерімді бағыттайтын екі сала» – дейді Мапитова А.С.