«Отбасы – өмір негізі» атты танымал адаммен кездесу кеші өтті

2025 жылдың 12 қыркүйегі күні Павлодар медициналық жоғары колледжінің кітапханасында «Отбасы – өмір негізі» атты танымал адаммен кездесу кеші өтті. Кездесудің арнайы қонағы ретінде Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының өмірі мен шығармашылығын зерттеуші, филология ғылымдарының докторы, профессор Тұрышев Айтмұхамбет Қасымбайұлы студенттерге өз өмір тәжірибесімен бөлісіп, отбасылық құндылықтарының маңыздылығы туралы әңгімелеп тыңдаушыларын тамсандырды. Іс-шара барысында, директордың оқу-тәрбие жөніндегі орынбасары Жазира Забировна Байгульжина бүгінгі іс-шараның құндылығына тоқталып,  Айтмұхамбет Қасымбайұлына алғысын білдірді. Кітапхана меңгерушісі Гүлнәр Хамитқызы Касимова аталмыш іс-шараға арналған көрмемен таныстырып, қатысушыларға ұсынылған кітаптарға шолу жасады. Стоматология мамандығының 210 дантистер тобының студенті Мадияр Кусаинов күй орындап қызықты кездесудің шырқына сән берді. Кештің жүргізушілері Бағжан Бекболат және Анар Садықова білім алушылар арасында «Отбасы әлемі» ойынын өткізіп, отбасы туралы мақал-мәтел жалғастырып, ситуациялық сұрақтарға қатысушылар жарыса жауап беріп отырды. Кездесу барлық қатысушыларға шырайлы әсер сыйлап, өзара сүйіспеншілік сыйлаумен аяқталды.

Қосымша жаңалықтар

2026 жылғы 24 ақпанда клиникалық пәндер №1 ЦМК пәндік апталығы аясында арнайы пәндер оқытушысы Жеңісбеков А.А. «Емдеу ісі» мамандығының 310 тобының білім алушыларына «Терапиядағы жедел шұғыл көмек» пәні бойынша «Жедел аллергия» тақырыбында ашық сабақ өткізді.

2026 жылғы 20 ақпанда санитарлық-гигиеналық, фармацевтикалық және стоматологиялық пәндер ЦМК пәндік апталығының қорытындысында арнайы пәндер оқытушылары Тауырбеков Т. Р. мен Торбаева С. К. 310-топ «Стоматология» мамандығы студенттері арасында «Үздік дантист» атты кәсіби байқау өткізді.