«Салауатты болашақ» бейінді медициналық лагерінің мүшелеріне арналған «алғашқы көмек: жарақаттар, күйіктер, қан кетулер» практикалық сабағы

2025 жылғы 03 маусымда Павлодар медициналық жоғары колледжінде «Салауатты болашақ» бейінді медициналық лагерінің екінші күні өтті.

Арнайы пәндер оқытушысы М.Е. Сейсембекова №14 ЖОМ оқушыларына «Бірінші көмек: жарақаттар, күйіктер, қан кетулер»атты практикалық сабақ өткізді.

Білім алушылар біліп, үйренді:

  • алғашқы көмек дегеніміз не

  • қан кету түрлері және оны тоқтату алгоритмі

  • жарақат, күйік, үсік шалғанда алғашқы көмек көрсету

Олар жұппен алған білімдерін пысықтады: жгут салу, таңғыш салу, аяқ-қолды қозғалыссыздандыру.