Басты бет / SMART студенттік ғылыми қоғамы
SMART студенттік ғылыми қоғамы
ШЖҚ «Павлодар медициналық жоғары колледжі» КМК
студенттердің ғылыми қоғамының жұмыс
ЖОСПАРЫ
Жұмыстың негізгі бағыты:
Студенттердің ғылыми-зерттеу қызметі болашақ мамандарды даярлаудың кәсіби деңгейін арттыру факторы ретінде.
Мақсаты:
Студенттердің педагогикалық үрдісті ғылыми зерттеу қажеттілігін және тұлғаның шығармашылық өзін-өзі дамуына әсер ету қабілетін дамытуға мүмкіндік беретін білім алушылардың зерттеу құзыреттілігін қалыптастыру және жетілдіру үшін қолайлы жағдайлар жасау.
Міндеттері:
- Білім алушыларды ғылыми шығармашылыққа тарту.
- Білім алушылардың зерттеу мәдениетін және ғылыми-зерттеу қызметінің әдістемесін меңгеруіне жәрдемдесу.
- Қазіргі ғылымның өзекті теориялық және қолданбалы мәселелерін шешу бойынша білім алушылардың ғылыми бастамаларын дамыту.
- Ғылыми өмір оқиғалары (конференциялар, ғылыми жұмыстар конкурстары, ғылыми семинарлар, дөңгелек үстелдер және т.б.) туралы студенттерді ақпараттандырудың тиімді жүйесін құру және іске асыру.
- Өзгермелі әлеуметтік-мәдени және кәсіби жағдайларда өзін-өзі тануға қабілетті тұлғаның дамуы.
- Өз бетінше және шығармашылық ойлау қабілеттерін дамыту, алған білімдерін практикада қолдану.
- Ғылыми, оқу және әдістемелік әдебиеттермен өз бетінше жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру және дамыту, алынған деректерді өңдеу және нәтижелерді талдау әдістемесіне оқыту, ғылыми-зерттеу жұмысының нәтижелері бойынша баяндамалар, есептер, презентациялар жасау және ресімдеу.
- Колледж білім алушыларының оқу пәндерін, пәнаралық курстарды, кәсіби модульдерді тереңдетіп оқуға деген қызығушылығын тәрбиелеу.
- СҒҚ мүшелерінің ғылыми-зерттеу конференцияларына, зерттеу жұмыстарының әр түрлі презентацияларына, студенттердің зерттеу жұмыстарының материалдары бойынша жинақтар шығаруға қатысуы.
№ | Тақырып | Орындау мерзімі | Жауаптылары | Ескерту |
1 | Студенттердің зерттеу қызметін ұйымдастыру бойынша контингентті анықтау және жұмыс жоспарын жасау | Қыркүйек | Мапитова А.С. | |
2 | №1 отырыс СҒҚ құрамын бекіту. Зерттеуді іздеу үшін халықаралық мәліметтер базасын ақтару |
Қазан | Мапитова А.С., Ғылыми жетекшілері | |
3 | №2 отырыс «Мейіргер ісі» бағыты бойынша Халықаралық қатысумен пәндік олимпиаданы ұйымдастыру |
Қараша | Клиникалық пәндер ЦӘК | |
4 | Журналдарда жариялау үшін ғылыми мақалалар жазу практикумы | Желтоқсан | Мапитова А.С., студенты | |
5 | Қазіргі медицинаның өзекті мәселелері бойынша рефераттар дайындау | Жыл ішінде | Мапитова А.С., Ғылыми жетекшілері | |
6 | Ғылыми журналдарда жариялау үшін мақалалар дайындау | Жыл ішінде | Мапитова А.С., Ғылыми жетекшілері, Студенттер | |
7 | №3 отырыс Ғылыми-практикалық конференциялар маусымының ашылуы. Қатысушыларды анықтау. Ережелермен танысу және секцияларды таңдау. | Наурыз | Мапитова А.С., Ғылыми жетекшілері | |
8 | Қалалық, облыстық, республикалық, халықаралық ғылыми-практикалық конференцияларға, конкурстарға қатысу. | Жыл ішінде | ҰӘЖжСБ басшысы Ташимова А.Т Мапитова А.С., Ғылыми жетекшілері | |
9 | №4 отырыс 2025-2026 оқу жылы үшін ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу туралы есеп | Мамыр | Мапитова А.С., Ғылыми жетекшілері |