Ұстаздар күніне орай кәсіподақ комитеті ұйым мүшелеріне арналған құттықтау шарасын ұйымдастырды

Ұстаздар күніне орай кәсіподақ комитеті ұйым мүшелеріне арналған құттықтау шарасын ұйымдастырды.

Мереке барысында жылы лебіздер айтылып, ұстаздардың еңбегіне деген құрмет пен алғыс сезімі ерекше сезілді. Шараның атмосферасы мейірім мен сыйластыққа толы болды, ал шынайы күлкілер мерекенің басты көркіне айналды.

Қосымша жаңалықтар

2026 жылғы 24 ақпанда клиникалық пәндер №1 ЦМК пәндік апталығы аясында арнайы пәндер оқытушысы Жеңісбеков А.А. «Емдеу ісі» мамандығының 310 тобының білім алушыларына «Терапиядағы жедел шұғыл көмек» пәні бойынша «Жедел аллергия» тақырыбында ашық сабақ өткізді.

2026 жылғы 20 ақпанда санитарлық-гигиеналық, фармацевтикалық және стоматологиялық пәндер ЦМК пәндік апталығының қорытындысында арнайы пәндер оқытушылары Тауырбеков Т. Р. мен Торбаева С. К. 310-топ «Стоматология» мамандығы студенттері арасында «Үздік дантист» атты кәсіби байқау өткізді.