«Студенттер үйі» жатақханасында профилактикалық кездесу өтті «Студенттер үйі» жатақханасында учаскелік полиция инспекторлары — Смаилов Мурат Каирұлы мен Оспанов Ринат Куатовичтің қатысуымен профилактикалық кездесу өтті.

 

 

Кездесу барысында буллинг, есірткі заттарын қолдану, ішімдік ішу және жастар арасындағы бұзақылықтың алдын алу мәселелері талқыланды.

Полицейлер студенттерге заң бойынша жауапкершілікті түсіндірді:

ҚР ӘҚБтК 440-бабы — қоғамдық орындарда алкоголь ішу немесе мас күйінде жүру;

ҚР ӘҚБтК 434-бабы — ұсақ бұзақылық;

ҚР ҚК 296-бабы — есірткі заттарының заңсыз айналымы;

ҚР ҚК 147-бабы — адамның ар-намысы мен қадір-қасиетіне қол сұғу (буллинг).

Инспекторлар студенттерді заңды сақтауға, бір-біріне құрметпен қарауға және салауатты өмір салтын ұстануға шақырды.

В общежитии «Студенттер үйі» прошла профилактическая встреча со стражами порядка

Қосымша жаңалықтар

2026 жылғы 24 ақпанда клиникалық пәндер №1 ЦМК пәндік апталығы аясында арнайы пәндер оқытушысы Жеңісбеков А.А. «Емдеу ісі» мамандығының 310 тобының білім алушыларына «Терапиядағы жедел шұғыл көмек» пәні бойынша «Жедел аллергия» тақырыбында ашық сабақ өткізді.

2026 жылғы 20 ақпанда санитарлық-гигиеналық, фармацевтикалық және стоматологиялық пәндер ЦМК пәндік апталығының қорытындысында арнайы пәндер оқытушылары Тауырбеков Т. Р. мен Торбаева С. К. 310-топ «Стоматология» мамандығы студенттері арасында «Үздік дантист» атты кәсіби байқау өткізді.