Студенттер Үйінің аумағындағы сенбілік

Жатақхана аумағында тазалықты жақсарту және сақтау, сонымен қатар еңбек мәдениеті мен ұжымдық жауапкершілікті дамыту мақсатында студенттердің қатысуымен сенбілік ұйымдастырылды.

Сенбілікте: аумақты қоқыс пен құлаған жапырақтардан тазарту, жолдарды және оған жақын аумақты сыпыру.,

Жігіттер бұл үрдіске белсенді түрде қосылып, бастамашылық танытып, жақсы командалық рух танытты. Іс-шара достық және жұмыс жағдайында өтті. Тазалық бізден басталады!

Қосымша жаңалықтар

2026 жылғы 24 ақпанда клиникалық пәндер №1 ЦМК пәндік апталығы аясында арнайы пәндер оқытушысы Жеңісбеков А.А. «Емдеу ісі» мамандығының 310 тобының білім алушыларына «Терапиядағы жедел шұғыл көмек» пәні бойынша «Жедел аллергия» тақырыбында ашық сабақ өткізді.

2026 жылғы 20 ақпанда санитарлық-гигиеналық, фармацевтикалық және стоматологиялық пәндер ЦМК пәндік апталығының қорытындысында арнайы пәндер оқытушылары Тауырбеков Т. Р. мен Торбаева С. К. 310-топ «Стоматология» мамандығы студенттері арасында «Үздік дантист» атты кәсіби байқау өткізді.