«Студенттерге арнау» рәсімі

Бірінші курс студенттерін жаңа студенттік өмірге бейімдеу және достық ахуалды нығайту мақсатында жатақханада «Студенттерге арнау»атты жарқын және көңілді іс — шара өтті.

Бағдарламада:

* жоғары курс студенттері мен тәрбиешілерден жылы құттықтаулар мен қоштасу сөздер,

* көңілді конкурстар, тапсырмалар және квест,

* команданы шоғырландыру ойындары,

* естелік кәдесыйлар мен тәтті сыйлықтар,

* шай ішу

* музыка, би және көптеген жағымды эмоциялар!

Білім алушылар тез арада ортақ тіл тауып, бір — бірімен танысып, студенттік жатақхана жай ғана тұратын жер емес, екінші отбасы екенін сезінді.

Іс-шара достық, жайбарақат ахуалда  өтті және жаңа ұжымда өмір сүру үшін тамаша бастама болды.

Қосымша жаңалықтар

2026 жылғы 24 ақпанда клиникалық пәндер №1 ЦМК пәндік апталығы аясында арнайы пәндер оқытушысы Жеңісбеков А.А. «Емдеу ісі» мамандығының 310 тобының білім алушыларына «Терапиядағы жедел шұғыл көмек» пәні бойынша «Жедел аллергия» тақырыбында ашық сабақ өткізді.

2026 жылғы 20 ақпанда санитарлық-гигиеналық, фармацевтикалық және стоматологиялық пәндер ЦМК пәндік апталығының қорытындысында арнайы пәндер оқытушылары Тауырбеков Т. Р. мен Торбаева С. К. 310-топ «Стоматология» мамандығы студенттері арасында «Үздік дантист» атты кәсіби байқау өткізді.