«Түркі жазбаларындағы әдеби-тілдік мұра және қазіргі кеңістік» ғылыми-практикалық конференция

2025 жылдың 23-мамыр айында Павлодар облысының мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының ұйымдастыруымен облыстық кітапханада «Түркі жазбаларындағы әдеби-тілдік мұра және қазіргі кеңістік» тақырыбындағы түркі тілдес халықтары жазбалары күніне арналған ғылыми-практикалық конференция өтті.
Аталмыш шараға колледжіміздің оқытушылары Жакишева А.А., Мутапова С.Қ. қатысты. Конференцияда көне түркі жазбалары, тарихы, ұлттық дүниетанымы жайында баяндамалар тыңдалды.

Қосымша жаңалықтар

2026 жылғы 24 ақпанда клиникалық пәндер №1 ЦМК пәндік апталығы аясында арнайы пәндер оқытушысы Жеңісбеков А.А. «Емдеу ісі» мамандығының 310 тобының білім алушыларына «Терапиядағы жедел шұғыл көмек» пәні бойынша «Жедел аллергия» тақырыбында ашық сабақ өткізді.

2026 жылғы 20 ақпанда санитарлық-гигиеналық, фармацевтикалық және стоматологиялық пәндер ЦМК пәндік апталығының қорытындысында арнайы пәндер оқытушылары Тауырбеков Т. Р. мен Торбаева С. К. 310-топ «Стоматология» мамандығы студенттері арасында «Үздік дантист» атты кәсіби байқау өткізді.