«Таза Казакстан»

 

Павлодар медициналық жоғары колледжінде Республикалық «Таза Қазақстан» бастамасы мен «Адал азамат» бірыңғай тәрбие бағдарламасы аясында экологиялық акция өткізілді. Акцияның мақсаты – қоршаған ортаны қорғау, аумақтарды абаттандыру мәселелері бойынша қоғамдық сананы арттыру және экологиялық іс-шараларға халықтың кең қауымын белсенді қатыстыру.

Іс-шара барысында колледж қызметкерлері аумақты жинады: қоқыс пен түскен жапырақтарды жинады, құрғақ бұтақтарды қиды, колледждің ауласын абаттандырды.

Қосымша жаңалықтар

2026 жылғы 24 ақпанда клиникалық пәндер №1 ЦМК пәндік апталығы аясында арнайы пәндер оқытушысы Жеңісбеков А.А. «Емдеу ісі» мамандығының 310 тобының білім алушыларына «Терапиядағы жедел шұғыл көмек» пәні бойынша «Жедел аллергия» тақырыбында ашық сабақ өткізді.

2026 жылғы 20 ақпанда санитарлық-гигиеналық, фармацевтикалық және стоматологиялық пәндер ЦМК пәндік апталығының қорытындысында арнайы пәндер оқытушылары Тауырбеков Т. Р. мен Торбаева С. К. 310-топ «Стоматология» мамандығы студенттері арасында «Үздік дантист» атты кәсіби байқау өткізді.