Басты бет / Қызметтердің құны

Қызметтердің құны

 

2025-2026 оқу жылына 

оқытудың толық өтемақысы бар топтардағы

оқыту құны бойынша есептеулерге

ТҮСІНДІРМЕ ЖАЗБА

Павлодар облысы әкімдігі, Павлодар облысы Денсаулық сақтау басқармасының, ШЖҚ»Павлодар медициналық жоғары колледжі»  КМК облыс кадрларына қажеттілікті зерделеу негізінде орта буын медицина мамандарын даярлауды жүзеге асырады, емдеу-алдын алу ұйымдарының қажеттіліктерін қанағаттандырады.

Колледжде оқу жергілікті және республикалық бюджет қаражаты есебінен, сондай-ақ ақылы негізде жүзеге асырылады.

Оқытудың толық өтемақысы бар топтардағы оқыту құны 2024-2025 оқу жылына бекітілді.

Сапалы оқытуды, педагогикалық және оқу-көмекші персоналдың еңбегіне әділ ақы төлеуді қамтамасыз ету мақсатында 2025-2026 оқу жылындағы жалақы шығындарын ескере отырып, оқыту құнын қайта қарау, коммуналдық қызметтерге тарифтерді көтеру қажеттілігі туындады.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы»Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдар қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындар қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы»  №1193 Қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 6 желтоқсандағы № 864 Қаулысына сәйкес, 

азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдар қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындар қызметкерлеріне дейін (тарифтік ставкалар) мыналарды қоспағанда:

      жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарынан басқа білім беру ұйымдарының педагогтерін;

      мемлекеттік ұйымдардың: стационарлық және жартылай стационарлық үлгідегі медициналық-әлеуметтік мекемелердің, үйде қызмет көрсету, уақытша болу ұйымдарының, жұмыспен қамту орталықтарының басқарушы, негізгі персоналының қызметкерлері;

      медицина және фармацевтика қызметкерлерінің белгіленген мөлшеріне түзету коэффициентін қолдана отырып анықталады:

      2022 жылғы 1 қаңтардан бастап 1,23 мөлшерінде;

      2023 жылғы 1 қаңтардан бастап 1,45 мөлшерінде;

      2024 жылғы 1 қаңтардан бастап 1,71 мөлшерінде;

      2025 жылғы 1 қаңтардан бастап 2,0 мөлшерінде.».

Айта кету керек, студенттерді оқытуға арналған Шарттарда жалақы өскен жағдайда және инфляция индексін ескере отырып, құнның өсуіне (жылына бір реттен артық емес) қатысты өзгерістер қарастырылған.

Директор                                                        А.Жапарбеков.