2025 жылдың 11 наурызында «Жұмысшы мамандықтары жылы» аясында «Фармация» мамандығының 3 курс студенттері арасында «Үздік фармацевт» колледжішілік кәсіби конкурсы өтті.
Конкурс қорытындысы бойынша:
• Алишева Диана (310 фарм тобы)- жеңімпаз атанды.
• екінші орынды Надежда Нұрпейісова (320 фарм тобы) иеленді.
• үшінші орын – Сикорака Динара (310 фарм тобы).
Қазіргі таңда маманның дамуы мен оның еңбек нарығындағы бәсекеге қабілеттілігін арттыруда кәсіби дайындық сапасы басты рөл атқарады. Нәтижелі оқыту кәсіби дағдыларды меңгеруді ғана емес, сонымен қатар тез бейімделу қабілетін, табысқа деген ынтаны және үздіксіз дамуға ұмтылысты қамтиды.
Жеңімпаздарды және конкурстың барлық қатысушыларын құттықтаймыз! Сіздерге жаңа кәсіби жетістіктер тілейміз!