17.03.2025 ж. «Емдеу ісі» мамандығының ІІІ курс білім алушылары арасында жұмысшы мамандықтар жылына арналған «Үздік фельдшер» колледжішілік кәсіби конкурсы өтті.

Конкурсқа қатысушылар бес клиникалық станцияда практикалық тапсырмаларды орындады:

1. «Анафилактикалық шок үшін жедел көмек көрсету»;

2. «Жарақат алған кезде шұғыл көмек көрсету»

3.»Жүректің кенеттен тоқтап қалуына шұғыл көмек көрсету»

4. «Жедел коронарлық синдромға жедел көмек көрсету»

5.»Манипуляциялық дағдылар»

Конкурсқа қатысушыларды колледж оқытушылары арасынан әр клиникалық станцияда 2 сарапшыдан бағаланды.

Конкурстың барысын практикалық денсаулық сақтау саласының құзыретті қазылар алқасы бақылап, қорытындылады:

Төраға-Муслиманов Дархан Асхатович-Павлодар қаласының №1 қалалық ауруханасының реанимация және қарқынды терапия бөлімшесінің меңгерушісі.

Қазылар алқасының мүшелері:

1.Шаканов Алматы Бекболатович — «Павлодар облыстық жедел медициналық жәрдем станциясы» ШЖҚ-ғы КМК фельдшері;

2.Антикеев Азамат Айманұлы — «Павлодар облыстық жедел медициналық жәрдем станциясы» ШЖҚ –ғы КМК жедел жәрдем дәрігері;

3.Пильцов Дмитрий Александрович – Павлодар қаласының №1 қалалық ауруханасының жоғары санатты неонатолог дәрігері.

4.Қажыбеков Болат Уәлиханович-арнайы пәндер оқытушысы, хирург — дәрігер, денсаулық сақтау ардагері.

Конкурс қорытындысы бойынша «Емдеу ісі» мамандығы 320 тобының студенті Гудименко Владимир жеңімпаз атанды.

II орынды- «Емдеу ісі» мамандығы 330 тобының студенті Аждарова Ұлжан иеленді

III орынды — «Емдеу ісі» мамандығы 330 тобының студенті Трошков Руслан иеленді.

Жүлдегерлерге Дипломдар мен ақшалай сыйақылар, қатысушыларға Сертификаттар мен естелік сыйлықтар табыс етілді.