.
2025 жылғы 11-14 ақпанда Колледж директоры Б.К. Касимова және директордың ОТЖ жөніндегі орынбасары Ж. З. Байгульжина Астана қаласының ЭКСПО көрме алаңында өткен «Жұмысшы мамандықтар қаласы» фестиваліне қатысты.
Фестивальді Білім министрлігі ұйымдастырды және 40 интерактивті көрме аймағын көрсетті. Іс-шараға қатысу барысында колледж басшылары медициналық бейіндегі жабдықтар мен жарақтандырудың жаңа үлгілерімен танысты, сондай-ақ оны сатып алу туралы уағдаластыққа қол жеткізді. IT-білім беру перспективалары мен виртуалды оқыту мүмкіндіктеріне ерекше назар аударылды. Іс-шараға қатысушылар колледждердің кәсіптік бағдар беру жұмыстарына арналған презентацияларға қатысып, түрлі салалардағы сұранысқа ие мамандықтар туралы өзекті ақпарат алды.
Сонымен қатар, Колледж басшылығы семинарларға, мастер-кластарға, «Жаңа мамандықтар атласы» тұсаукесеріне, «Атом энергиясы» ғылыми эксперименті, робототехника бойынша мастер-класс және жұмысшы мамандықтарын танымал етуге және білім беру үрдісіне озық технологияларды енгізуге бағытталған басқа да іс-шараларға қатысты.
«Жұмысшы мамандықтар қаласы» фестиваліне қатысу Колледж басшылығына жұмысшы мамандықтар саласындағы заманауи үрдістер туралы білімдерін кеңейтуге және білім беру үрдісін одан әрі дамыту үшін жаңа идеялар табуға мүмкіндік берді.
.