Жұмысшы мамандықтар жылы аясында MamandyqFest фестивалі

2025 жылғы 30 мамырда ШЖҚ «Павлодар жоғары медициналық колледжі» KMK Жұмысшы мамандықтар жылы аясында Орталық жағалауда өткен MamandyqFest фестиваліне қатысты. Фестиваль облыс мектептерінің оқушылары мен түлектеріне арналған болатын. Колледж оқытушылары мен студенттері оқушыларды колледж мамандықтарымен таныстырып, студенттер тренажерлар мен медициналық жабдықтардың жұмысын көрсетті.

Сондай-ақ, ErtisPromenad бас сахнасында Worldskills Pavlodar өңірлік кәсіби байқауының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті. Аталған байқаудың жеңімпазы болып «Қолданбалы бакалавриат» біліктілігі бойынша «Мейіргер ісі» мамандығының студенті Плотнир Лилиана танылды.

Қосымша жаңалықтар

2026 жылғы 24 ақпанда клиникалық пәндер №1 ЦМК пәндік апталығы аясында арнайы пәндер оқытушысы Жеңісбеков А.А. «Емдеу ісі» мамандығының 310 тобының білім алушыларына «Терапиядағы жедел шұғыл көмек» пәні бойынша «Жедел аллергия» тақырыбында ашық сабақ өткізді.

2026 жылғы 20 ақпанда санитарлық-гигиеналық, фармацевтикалық және стоматологиялық пәндер ЦМК пәндік апталығының қорытындысында арнайы пәндер оқытушылары Тауырбеков Т. Р. мен Торбаева С. К. 310-топ «Стоматология» мамандығы студенттері арасында «Үздік дантист» атты кәсіби байқау өткізді.