«Жас талап» және «Оқуға құштар колледж» жобалары

«Жас талап» және «Оқуға құштар колледж» жобаларын іске асыру мақсатында ұйымдастырылған “Кітап шаһары-2025” Республикалық семинарына Павлодар медициналық жоғары колледжінің кітапхана меңгерушісі Гульнара Хамитовна Касимова қатысты. Семинардың бірінші күні пленарлық мәжіліс пен Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасы директоры Ғазиза Құдайберген “ Кітапханашы күнделігі” кітабының керемет тұсаукесері қойылыммен аншлаг болып өтті, екінші күні Семей қаласы М.О.Әуезов атындағы педагогикалық колледжі студенттерінің қатысуымен Абай Құнанбайұлының өлеңдері және Мұхтар Әуезовтың көркем шығармаларынан ашық аспан астында қойылымдар қойылды. Семинар қатысушылары Шыңғыстау сапарында: Күшікбай асуына тоқтап, колледж студенттерінің ашық аспан астында М.Әуезовтың “Қорғансыздың күні” шығармасынан үзінді, Бөрілі ауылында М.Әуезовтың мұражай-үйін; Абайдың туған жері Сырт Қасқабұлаққа барып, Абай өлеңдерін; Еңлік-Кебек ескерткішінің алдында М.Әуезовтың нұсқасындағы пьеса қойылымын; Шілікті кезеңінде М.Әуезовтың “Абай жолы” романынан “Абай мен Әйгерімнің кездесуінен” қойылым үзінді; ”Абай-Шәкәрім” мемориалдық кешенінде Абай және Шәкәрім кесенелерін; ”Жидебай-Бөрілі” мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық музей-қорығын тамашалады. Ашық аспан астындағы қойылымдар мен мұражайлар — білім алушылардың кітапқа деген қызығушылығын арттыруға бағытталған маңызды қадам болды. Семинар соңында қатысушыларға сертификаттар табысталып, қатысушыларға ұмытылмас әсер сыйлап қорытындыланды.
#КітапШаһары2025 #біртұтас_тәрбие #кітапоқитынұлт #Абайелі

Қосымша жаңалықтар

2026 жылғы 24 ақпанда клиникалық пәндер №1 ЦМК пәндік апталығы аясында арнайы пәндер оқытушысы Жеңісбеков А.А. «Емдеу ісі» мамандығының 310 тобының білім алушыларына «Терапиядағы жедел шұғыл көмек» пәні бойынша «Жедел аллергия» тақырыбында ашық сабақ өткізді.

2026 жылғы 20 ақпанда санитарлық-гигиеналық, фармацевтикалық және стоматологиялық пәндер ЦМК пәндік апталығының қорытындысында арнайы пәндер оқытушылары Тауырбеков Т. Р. мен Торбаева С. К. 310-топ «Стоматология» мамандығы студенттері арасында «Үздік дантист» атты кәсіби байқау өткізді.