2026 жылғы 1 сәуірде «Павлодар медициналық жоғары колледжі» ШЖҚ КМК-да облыстық денсаулық сақтау басқармасының бұйрығымен бекітілген комиссия және медициналық ұйымдардың өкілдерінің қатысуымен 2025–2026 оқу жылы түлектерін жеке бөлу жүргізілді.
Бөлу келесі мамандықтар бойынша жүргізілді:
✓ «Емдеу ісі» мамандығы, «Фельдшер» біліктілігі
✓ «Акушерлік іс» мамандығы, «Акушер» біліктілігі
✓ «Мейіргер ісі» мамандығы, «Жалпы тәжірибелік мейіргер» біліктілігі
✓ «Зертханалық диагностика» мамандығы, «Медициналық зертханашы» біліктілігі
Барлық түлектер Павлодар облысының медициналық ұйымдарына бөлінді.


