Іс-шараны «SENIM» денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіптік одағы» РҚБ Павлодар облыстық филиалы ұйымдастырды.
Іс-шараның мақсаты: дене шынықтыру мен спортты насихаттау, салауатты өмір салтын дәріптеу және медициналық ұйымдардың қызметкерлерін спортпен тұрақты шұғылдануға тарту.
Негізгі міндеттері: қатысушылардың спорттық шеберлігін арттыру; ептілікті, реакция жылдамдығын және қозғалыс үйлесімділігін дамыту; үстел теннисін және салауатты өмір салтын насихаттау.
Жарысқа медициналық ұйымдардан 8 әйелдер командасы және 11 ерлер командасы қатысты.
ШЖҚ «Павлодар медициналық жоғары колледжі» КМК атынан әйелдер және ерлер құрама командалары қатысты.
Жарыс қорытындысы бойынша колледждің әйелдер құрама командасы лайықты нәтиже көрсетіп, ІІ орынға ие болды. Команда жоғары шеберлігін, жақсы дайындығын және жеңіске деген ұмтылысын көрсетті.
Команда құрамында «Мейіргер ісі» мамандығының студенттері өнер көрсетті: Матаева Анель, 42-топ;
Қылышбай Арай, 360-топ.
Әйелдер құрама командасын лайықты жүлделі орынмен құттықтаймыз! Алдағы уақытта да спорттық жетістіктерге жетіп, жаңа жеңістерге қол жеткізулеріңізге тілектеспіз!


