2026 жылғы 15 сәуірде «Павлодар медициналық жоғары колледжі» ШЖҚ КМК базасында «Медициналық және әлеуметтік күтім» құзыреттілігі бойынша WorldSkills Pavlodar – 2026 өңірлік кәсіби шеберлік чемпионаты өтті

Чемпионатқа «Мейіргер ісі» мамандығының білім алушылары қатысты: Павлодар медициналық жоғары колледжінен – 210-топ студенті Шәкенова Гүлназ және 310-топтың «Қолданбалы бакалавр» біліктілігі бойынша студенті Медведева Валерия, сондай-ақ Екібастұз медициналық колледжінен – 3 курс студенті Серік Дильназ.
Құзыреттілік аясында төрт клиникалық станция ұйымдастырылды, онда қатысушылар кәсіби практикалық дағдылары мен біліктерінің қалыптасу деңгейін көрсетті: «Стационар», «Күндізгі стационар», «Үй жағдайындағы күтім», «ИВБДВ, ПМСП».
Чемпионаттың сараптамалық сүйемелдеуін медициналық колледждердің арнайы пән оқытушылары, сондай-ақ қаланың денсаулық сақтау ұйымдарының аға мейіргерлері қамтамасыз етті.
Байқау қорытындылары WorldSkills чемпионаттарында қолданылатын арнайы бағдарламалық қамтамасыз ету – CIS жүйесі арқылы шығарылады. Сарапшылар қатысушылардың балдарын жүйеге енгізеді, ал жүйе деректерді бағалаудың халықаралық стандарттарына сәйкес өңдейді.