Білім басқармасы ұйымдастырған «Бірыңғай әдістемелік сағат» аясында 2026 жылғы 10 сәуірде Павлодар медициналық жоғары колледжінде гуманитарлық пәндер облыстық әдістемелік бірлестігінің отырысы өтті.

Іс-шара барысында арнайы пәндер оқытушылары Алимуханова Б.Н., Григоренко А.Г., Сейсембекова М.Е. өздерінің педагогикалық тәжірибелерін жинақтап ұсынды.

Отырыстың мақсаты – педагогтердің тиімді тәжірибесімен алмасу, оны жинақтау және тарату. Іс-шара офлайн-онлайн форматта өткізілді. Сондай-ақ семинарға облыстың басқа колледждерінен келген гуманитарлық пәндер оқытушылары қатысып, өз тәжірибелерімен бөлісті.