«Стоматология» мамандығы («Дантист» біліктілігі) ауыз қуысы ауруларының алдын алу, диагностика жасау және емдеуді жүзеге асыратын мамандарды даярлауға бағытталған

Осы мамандық бойынша оқу мерзімі — 2 жыл 10 айды құрайды. Қабылдау 11-сынып базасында жүргізіледі. Оқуды аяқтағаннан кейін түлектер мемлекеттік және жеке стоматологиялық клиникаларда, кабинеттерде, медициналық орталықтарда, сондай-ақ ауыз қуысы ауруларының алдын алумен айналысатын ұйымдарда жұмыс істей алады.