Кездесу барысында ата-аналардың балалардың өмірі мен денсаулығы үшін жауапкершілігі, олардың жол қозғалысы ережелерін сақтау мәселелері, сондай-ақ білім алушылар арасында буллингтің, нашақорлықтың және тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу тақырыптары қарастырылды.
«Бір секундтың құны: неге жол қозғалысы ережелерін бұзуға болмайды» тақырыбына ерекше назар аударылып, білім алушылардың жолдағы қауіпсіз мінез-құлық дағдыларын қалыптастыру және жол-көлік оқиғаларының алдын алу мәселелері түсіндірілді.


