Іс-шараның негізгі мақсаты — қоршаған ортаны қорғау, аумақтарды абаттандыру мәселелері бойынша қоғамдық сананы арттыру, сондай-ақ тұрғындарды экологиялық бастамаларға белсенді қатысуға тарту.
Акция барысында колледж қызметкерлері аумақты санитарлық тазалау және абаттандыру жұмыстарын жүргізді: қоқыс жинау, ағаштардың түбін қопсыту, құрғақ бұтақтарды кесу, сондай-ақ колледж ауласын ретке келтіру жұмыстары атқарылды.

