2026 жылғы 5 мамырда ШЖҚ «Павлодар медициналық жоғары колледжі»КМК стадионында «Жас Батыр – 2026» спорттық мерекесі өтті

Жарысқа медициналық, педагогикалық және политехникалық колледждердің командалары қатысты.

Іс-шараның мақсаты – студенттер арасында спортты дамыту және насихаттау, салауатты өмір салтын қалыптастыру, сондай-ақ ұжымдық рух пен өзара көмекті дамыту.

Әр команда құрамында 10 қатысушыдан болды. Қатысушылар күш, жылдамдық, ептілік және жылдам шешім қабылдау қабілеттері бойынша сынға түсті.

Жарыс қорытындысы бойынша:
1 орын — Павлодар медициналық жоғары колледжі
2 орын — Б. Ахметов атындағы педагогикалық жоғары колледжі
3 орын — Павлодар политехникалық жоғары колледжі

Капитандар сайысы:
1 орын — Ерлан Искаков (ПМЖК)
2 орын — Кирилл Кузнецов (ППЖК)
3 орын — Нурсултан Жаркенов (ППЖК)

Жарыс жоғары деңгейде өтті, қатысушылар жақсы дене дайындығы мен командалық үйлесімділікті көрсетті.