2026 жылғы 12 мамырда Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау және білім беру ісінің үздігі, көрнекті тұлға Әлие Жәкенқызы Сабырханованың 80 жылдығына арналған «Өмір сапасы және халық денсаулығы» атты Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.
Конференцияның мақсаты — медициналық бейіндегі мамандарды даярлау сапасын арттыру, сондай-ақ XXI ғасыр медицинасына инновациялық технологияларды зерттеу және енгізуге бағытталған білім алушылардың ғылыми-зерттеу қызметін жандандыру болды.
Конференция жұмысы денсаулық сақтау, мейіргер ісі, стоматология, фармация, салауатты өмір салты, медицинадағы ақпараттық және цифрлық технологиялардың өзекті мәселелерін қамтитын 7 секция бойынша жүргізілді.
Конференция аралас форматта өтіп, Қазақстанның әртүрлі өңірлеріндегі медициналық колледждердің білім алушыларын, сондай-ақ жақын шетел мемлекеттерінің өкілдерін біріктірді. Іс-шараға Өзбекстан Республикасы мен Ресей Федерациясындағы колледж серіктестері қатысты.
Конференция тәжірибе алмасу, ғылыми зерттеулерді таныстыру және медициналық білім беру мен денсаулық сақтау саласындағы халықаралық ынтымақтастықты нығайту алаңына айналды.

