Колледждің қалыптасқан дәстүріне сәйкес, 2026 жылғы 29 маусымда оқу жылының қорытындысын шығарып, педагогтердің еңбегін ұлықтауға арналған «ҮЗДІК САПА» қорытынды оқу-әдістемелік конференциясы өтті.

Конференцияға директордың оқу-тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Байгульжина Ж.З. құттықтау сөз сөйлеп, колледждің негізгі жетістіктеріне тоқталып, білім сапасын арттыруға қосқан үлесі үшін педагогтерге алғысын білдірді. Салтанатты марапаттау рәсімі аясында педагогтер түрлі номинациялар бойынша марапатталды.

Конференцияның маңызды сәттерінің бірі — оқытушылардың «KPI рейтингісінің» қорытындысын жариялау және ең мәртебелі «Жылдың үздік оқытушысы» номинациясының жеңімпазын марапаттау болды. Рейтинг қорытындысы бойынша бұл құрметті атақ арнайы пәндер оқытушысы Григоренко Анжела Георгиевнаға лайықты түрде берілді.