Ұстаздар күніне арналған мерекелік іс-шара

2 қазан күні Колледжіміз ерекше жылулыққа, көтеріңкі көңіл-күйге, күлкі мен шынайы қуанышқа бөленді. Осы күні оқу ордамызда Ұстаздар күніне арналған жарқын, әрі әсерлі мерекелік іс-шара өтті.

Ұстаз – бұл жай ғана мамандық емес. Бұл – жүрек қалауымен таңдалған мамандық, үлкен жауапкершілік және шексіз мейірімге толы жүрек.

Дәл осы оқытушыларымыз болашақ медицина мамандарын білім жолына жетелеп келеді. Олар студенттерге кәсіби білім беріп, адам өмірін сақтап қалудың қыр-сырын үйретіп қана қоймай, мейірімділік, өз ісіне адалдық және таңдаған абыройлы мамандығына деген сүйіспеншілік сияқты маңызды адами қасиеттерді қалыптастырады.

Мерекенің жарқын сәттерінің бірі – бірлік пен көтеріңкі көңіл күйге толы ерекше ахуал мен директордың оқу-тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары  Ж.З.Байгульжинаның жылы лебізі мен құттықтау сөздері болды.

Жазира Забировна ұстаздарға зор денсаулық, таусылмас шабыт, кәсіби жетістіктер, алғысын білдіретін студенттер және жаңа биік белестер тіледі!

Мерекелік іс-шара барлық қатысушыларға көтеріңкі көңіл күй мен жағымды эмоциялар сыйлап, жаңа оқу жылын сергектікпен және жақсы көңіл күймен бастауға ерекше серпін берді.