2026 жылғы 15 маусымда «Павлодар медициналық жоғары колледжі» ШЖҚ КМК-да бітіруші топтардың Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Павлодар облысы бойынша департаменті» РММ және Павлодар облысының Еңбек мобильділігі орталығы өкілдерімен кездесуі өтті.

«Клиникалық практикаға жіберу туралы сертификат беру» мемлекеттік қызметін көрсету алгоритмі» тақырыбындағы кеңес барысында сертификаттау бөлімінің басшысы Әбішева Назира Амангелдіқызы клиникалық практикаға жіберу сертификатын алу тәртібін түсіндіріп, түлектердің сұрақтарына жауап берді.

Павлодар облысының Еңбек мобильділігі орталығының өкілдері – жұмыс берушілерді қолдау бөлімінің басшысы Шаймерденов Ануар Шашубайұлы және Мансап орталығының маманы Маханбетова Гүлина Құлмұратқызы студенттерді жұмысқа орналасу мүмкіндіктері мен жас мамандарға көрсетілетін мемлекеттік қолдау шаралары туралы ақпараттандырды.