«Денсаулық күні» спорттық мерекесі 2026 жылғы 10 қыркүйек күні ШЖҚ «Павлодар медициналық жоғары колледжі» КМК спорт стадионында білім алушылардың денсаулығын нығайтуға, дене шынықтыруды және белсенді өмір салтын насихаттауға арналған «Денсаулық күні» спорттық мерекесі өтті

Студенттер мен спорттық мерекеге қатысушыларға  оқу-тәрбие жұмысы жөніндегі директордың орынбасары Байгульжина Ж.З. құттықтау сөзін арнады.

Іс-шараның мақсаттары:

 білім алушылардың салауатты және белсенді өмір салтына деген

тұрақты ынтасын қалыптастыру;

 дене қасиеттерін, командалық рухты, өзара көмек пен жауапкершілікті

дамыту;

 жағымды эмоционалдық көңіл күй қалыптастыру және білім

алушыларды дене шынықтыру мен спортпен жүйелі түрде айналысуға тарту.

Мереке белсенді, көңілді әрі мазмұнды өтті. Білім алушылар түрлі

спорттық жарыстарға, эстафеталарға және арқан тарту сайысына қатысты.

Әрбір қатысушы өзінің ең үздік дене қасиеттерін — жылдамдығын, ептілігін,

күшін және төзімділігін көрсетуге тырысты.

Барлық қатысушылар жеңіске деген ұмтылысын, командалық рухын,

ұйымшылдығы мен өзара қолдауын көрсетті. Спорттық сайыстар баршаға

көтеріңкі көңіл күй, қуаныш пен жағымды әсер сыйлады.

«Денсаулық күні» оқу жылының тамаша бастамасына айналып, білім

алушыларды спорт, достық және көтеріңкі көңіл күй ахуалында біріктірді.

Барлық қатысушылар оқу жылын сергектікпен, күш-қуатпен және көтеріңкі

көңіл күймен бастауға жақсы мүмкіндік алды.

Мереке қорытындысы бойынша барлық топтар түрлі номинациялар

бойынша Грамоталармен марапатталды.