2026 жылғы 14 қыркүйекте Павлодар облысына жұмыс сапары аясында Павлодар медициналық жоғары колледжіне Қазақстан Республикасы Үкіметі Аппаратының өңірлік инспекторы Сауле Ордабаевна Нургожина келді

Сапар барысында құрметті қонақ оқу орнының материалдық-техникалық базасымен танысты. Ол колледждің практикалық корпусында болып, болашақ мамандардың клиникалық тәжірибенің нақты жағдайларына барынша жақындатылған заманауи симуляциялық жабдықтарда кәсіби дағдылары мен құзыреттерін жетілдіру барысын көрді.
Сонымен қатар, Сауле Ордабаевна колледждің «Студенттер үйіне» барып, студенттердің тұру жағдайын, жайлылық деңгейін және олардың тұрмысын ұйымдастыру сапасын бағалады.