Аға буын өкілдеріне ізет пен құрмет көрсету күні қарсаңында Колледжде ТжКБ күні аясында студенттер мен Колледж ардагері, арнайы пәндер оқытушысы Утельбаева Бақытты Бакиевнамен жылы, әрі мазмұнды кездесу өтті

Кездесу барысында Бақытты Бакиевна студенттермен Колледждегі еңбек жолы туралы естеліктерімен бөлісіп, өзінің кәсіби қызметі мен ұстаздық тәжірибесі жайында әңгімеледі.

Мұндай кездесулер ұрпақтар сабақтастығын сақтауға, студенттердің педагог еңбегіне деген құрметін арттыруға, сондай-ақ аға буын өкілдеріне ізгілікпен және ықыласпен қарау қасиеттерін қалыптастыруға ықпал етеді.