2026 ж. 15 қазанда Г. Потанин атындағы музейде Павлодар облысының тумасы, көрнекті хирург-онколог А. Сүлейменовтің туғанына 110 жыл толуына орай студенттерге арналған тарих сағаты өтті.
Іс-шара барысында қатысушылар белгілі дәрігердің өмірі мен кәсіби қызметімен, отандық медицинаның дамуына және онкологиялық қызметтің қалыптасуына қосқан үлесімен танысты. Адам өмірін сақтап қалуға бар күш-жігерін арнаған медицина қызметкерлерінің қажырлы еңбегінің маңызына ерекше назар аударылды.
Тарих сағаты жас ұрпаққа туған өлке тарихымен жақынырақ танысуға, өңірімізден шыққан көрнекті тұлғалар туралы білуге және кәсіби шеберлігімен, өз ісіне адалдығымен, қоғамға сіңірген еңбегімен тарихта із қалдырған азаматтардың есімін ұлықтаудың маңызын түсінуге мүмкіндік берді.
Осындай іс-шараларды өткізу жастардың бойында отансүйгіштік қасиеттерді қалыптастыруға, медицина мамандығына деген құрметті арттыруға және Павлодар облысының тарихи мұрасын сақтауға ықпал етеді.


