15 қазанда колледжде Павлодар қаласы ПБ Солтүстік полиция бөлімінің ҚҚБ учаскелік полиция инспекторлары полиция аға лейтенанты В. А. Коровин және полиция қатардағы қызметкері Б. М. Бектұровтың студенттермен профилактикалық әңгімелесуі өтті. Кездесудің мақсаты – жастар арасында құқық бұзушылықтардың алдын алу және білім алушылардың құқықтық мәдениетін қалыптастыру.
Кездесу барысында полиция қызметкерлері студенттерге әкімшілік және қылмыстық құқық бұзушылықтар жасағаны үшін жауапкершілік, қоғамдық тәртіпті сақтау, буллингтің, кибербуллингтің, дропперліктің, алаяқтықтың және басқа да құқыққа қайшы әрекеттердің алдын алу туралы ақпарат берді. Қоғамдық орындарда және интернетте қауіпсіз мінез-құлық қағидаларын сақтау, айналадағы адамдарға құрметпен қарау және заң талаптарын орындау мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Учаскелік полиция инспекторлары өз тәжірибелерінен мысалдар келтіріп, құқыққа қайшы әрекеттердің ықтимал салдарын түсіндірді. Кездесуге қатысушылар күрделі жағдайларда қалай әрекет ету керектігі және қауіп-қатер туындаған немесе құқықтары бұзылған жағдайда қайда жүгінуге болатыны туралы пайдалы ақпарат алды.
Іс-шараның мақсаты – студенттердің құқықтық сауаттылығын арттыру, құқық бұзушылықтардың алдын алу және өз іс-әрекеттеріне жауапкершілікпен қарауды қалыптастыру.



