Республика күніне арналған зияткерлік жеңіс

23 қазанда Жастар бастамаларын дамыту орталығында (ЖБДО) Қазақстан Республикасының Күніне арналған «QAZAQSTAN – БІРТҰТАС ЕЛ» атты жастардың зияткерлік ойыны өтті.

Іс-шараның басты мақсаты — жастардың еліміздің тарихына, мемлекеттілігіне, бай мәдениетіне және заманауи дамуына деген қызығушылығын арттыру.

Ойында колледжіміздің атынан 1-курс студенттерінен құралған екі белсенді де эрудициялы команда қатысты: «Емдеу ісі» мамандығының 110 ф тобы және «Мейіргер ісі» мамандығының 110 мс тобы. Қатысушылар үш қызықты турдан тұрған ойында тамаша дайындықтарын, бірліктері мен терең білімдерін көрсете білді:

«Тарих ізі» — Қазақстанның маңызды тарихи кезеңдері мен оқиғаларын білу деңгейін тексеру.

«Ойлан, тап!» — логикаға, тапқырлық пен эрудицияға арналған динамикалық тур.

«Біртұтас Қазақстан» — мемлекетіміздің заманауи жетістіктеріне, мәдениеті мен бірлігіне арналған тапсырмалар.

Барлық кезеңдерінің қорытындысы бойынша колледж командасы құрметті 1 жүлделі орынды иеленіп,  грамота және сыйлықтармен марапатталды.

Біздің студенттерімізді және олардың жетекшісі А. А. Жакишеваға бұл жетістіктері үшін  құттықтаймыз! Осы табыстарыңызбен шектелмей, әрқашан жаңа белестерді бағындырып, биік шыңдарға ұмтыла берулеріңізге тілектеспіз!

Қосымша жаңалықтар