2026 жылғы 4 қарашада құқық бұзушылықтардың алдын алу, құқықтық сауаттылықты арттыру және заң талаптарын сақтауға жауапкершілікпен қарауды қалыптастыру мақсатында студенттердің Павлодар қаласы ПБ Солтүстік полиция бөлімінің Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету бөлімшесінің учаскелік полиция инспекторы, полиция аға лейтенанты В.А. Коровинмен кездесуі өтті

Іс-шара барысында жастар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу, қоғамдық тәртіпті сақтау, жеке қауіпсіздік және құқыққа қайшы әрекеттер жасағаны үшін жауапкершілік мәселелері қарастырылды.
Учаскелік инспектор студенттерге жиі кездесетін құқық бұзушылықтар туралы айтып, әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік шараларын түсіндірді. Сонымен қатар қоғамдық орындарда және интернет желісінде қауіпсіз жүріс-тұрыс ережелерін еске салды.
Әсіресе алаяқтықтың, буллингтің, нашақорлықтың және жастар арасында кездесетін басқа да жағымсыз құбылыстардың алдын алу мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Қосымша жаңалықтар

«Заң және тәртіп» идеологиясын іске асыру аясында 2026 жылғы 5 қарашада Павлодар медициналық жоғары колледжінің білім алушыларына арналған ҚР ІІМ ҚАЖ комитетінің № 63 мекемесі РММ бастығының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары, әділет капитаны Р. М. Қабылешевтің қатысуымен профилактикалық әңгіме өткізілді