Экскурсия барысында колледж оқытушылары оқушыларды білім беру бағдарламаларымен таныстырып, сұранысқа ие медициналық мамандықтар, колледжде даярланатын мамандықтар, оқуға түсу шарттары мен ережелері туралы ақпарат беріп сонымен бірге оқушыларды кітапхана қорымен таныстырды.
Оқушылардың ерекше қызығушылығын іс-шараның практикалық бөлімі тудырды. Оқытушылар оқу муляждары мен манекендерді пайдалана отырып, түрлі медициналық манипуляциялар мен практикалық дағдыларды орындау жолдарын көрсетті. Мектеп оқушылары болашақ медицина қызметкерлерінің практикалық сабақтарының қалай өтетінін көріп, медициналық колледждегі оқу үдерісінің ерекшеліктерімен жақынырақ танысты.
Осындай кәсіптік бағдар беру кездесулері оқушылардың дүниетанымын кеңейтуге, болашақ мамандығын таңдауға және саналы түрде кәсіби бағдар алу жолындағы алғашқы қадамдарын жасауға көмектеседі.
Мүмкін, қатысушылардың кейбірі үшін бұл кездесу ізгі де жауапты мамандық – медицина қызметкері болу жолындағы алғашқы қадамға айналар.

