05 қараша күні Жетекші жалпы орта білім беру мектебінің оқушылары кәсіптік бағдар беру және медициналық мамандықтармен танысу мақсатында Павлодар медициналық жоғары колледжіне барды

Экскурсия барысында колледж оқытушылары оқушыларды білім беру бағдарламаларымен таныстырып, сұранысқа ие медициналық мамандықтар, колледжде даярланатын мамандықтар, оқуға түсу шарттары мен ережелері туралы ақпарат беріп сонымен бірге оқушыларды кітапхана қорымен таныстырды.
Оқушылардың ерекше қызығушылығын іс-шараның практикалық бөлімі тудырды. Оқытушылар оқу муляждары мен манекендерді пайдалана отырып, түрлі медициналық манипуляциялар мен практикалық дағдыларды орындау жолдарын көрсетті. Мектеп оқушылары болашақ медицина қызметкерлерінің практикалық сабақтарының қалай өтетінін көріп, медициналық колледждегі оқу үдерісінің ерекшеліктерімен жақынырақ танысты.
Осындай кәсіптік бағдар беру кездесулері оқушылардың дүниетанымын кеңейтуге, болашақ мамандығын таңдауға және саналы түрде кәсіби бағдар алу жолындағы алғашқы қадамдарын жасауға көмектеседі.
Мүмкін, қатысушылардың кейбірі үшін бұл кездесу ізгі де жауапты мамандық – медицина қызметкері болу жолындағы алғашқы қадамға айналар.

Қосымша жаңалықтар

«Заң және тәртіп» идеологиясын іске асыру аясында 2026 жылғы 5 қарашада Павлодар медициналық жоғары колледжінің білім алушыларына арналған ҚР ІІМ ҚАЖ комитетінің № 63 мекемесі РММ бастығының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары, әділет капитаны Р. М. Қабылешевтің қатысуымен профилактикалық әңгіме өткізілді

2026 жылғы 4 қарашада құқық бұзушылықтардың алдын алу, құқықтық сауаттылықты арттыру және заң талаптарын сақтауға жауапкершілікпен қарауды қалыптастыру мақсатында студенттердің Павлодар қаласы ПБ Солтүстік полиция бөлімінің Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету бөлімшесінің учаскелік полиция инспекторы, полиция аға лейтенанты В.А. Коровинмен кездесуі өтті