Колледжіміздің акт залында 1-3 курс топтарының білім алушылары «Almaz MG» акушер-гинекологы А. А. Данкинамен кездесті.

2024 жылғы 29 қазанда Колледжіміздің акт залында 1-3 курс топтарының білім алушылары «Almaz MG» акушер-гинекологы А. А. Данкинамен кездесті.
Дәріс тақырыбы «Ррепродуктивті денсаулық. Контрацепция әдістері».
Айгерім Ағыбаевна контрацепцияның әртүрлі әдістері, олардың артықшылықтары мен кемшіліктері туралы өзекті ақпаратпен бөлісті, сондай-ақ студенттердің сұрақтарына жауап берді. Кездесуге қатысушылар отбасын жоспарлаудың заманауи тәсілдері, тұрақты медициналық тексерулердің және жыныстық жолмен берілетін аурулардың алдын алудың маңыздылығы туралы білді.
Репродуктивті денсаулық туралы білім әр адамның тек құқығы қана емес, сонымен бірге міндеті. Мұндай тақырыптарды ашық талқылау аңыздар мен стереотиптерді жоюға көмектеседі, сонымен қатар өзіңіздің денсаулығыңызға жауапкершілікпен қарауға ықпал етеді.

Қосымша жаңалықтар

2026 жылғы 03 наурызда клиникалық пәндер №2 ЦМК пән апталығы аясында арнайы пәндер оқытушысы Жұмағалиева А.К. білім алушылар мен ШЖҚ «Облыстық кардиологиялық орталық» КМК-ның бас мейіргері Садыкова Ж.Ж. қатысуымен «Кәсіби диалог» атты дөңгелек үстел өткізді.

2026 жылғы 26 ақпанда №1 клиникалық пәндер ЦӘК пәндік апталығы аясында Павлодар медициналық жоғары колледжі арнайы пәндер оқытушысы Адильбаева А.К. «Науқастың жағдайын клиникалық бағалау» пәні бойынша «Қолданбалы бакалавриат» біліктілігі «Мейіргер ісі» мамандығының 110 пб тобында «Кеуде қуысын қарау және пальпациялау техникасы» тақырыбында ашық симуляциялық сабақ өткізді.