«Республика күні құтты болсын: Қазақстанның бірлігі мен берекесі»

Павлодар медициналық жоғары колледжінің әкімшілік пен кәсіподақ комитеті мерекемен құттықтайды! 25 қазан – еліміз үшін маңызды күн! Республика күні -азаматтық келісім мен ұлттық бірлік, елдің бүгіні мен болашағы үшін ортақ жауапкершілік мерекесі.
Бүгінде Қазақстан қарқынды дамып келе жатқан нарықтық экономикасы, демократиялық әлеуметтік жүйесі және халықаралық беделі жоғары заманауи мемлекет. Қазақстанның басты тірегі – бірлік пен келісім. Еліміздегі бейбітшілік пен келісім берекенің символына айналып, береке-бірлік мәңгі жасай берсін! Баршаңызға шын жүректен зор денсаулық, жоспарларыңыздың жүзеге асуы және қызметімізде одан әрі табыстар тілейміз!