Колледждегі құқықтық сағат: учаскелік инспектормен кездесу

6 мамыр күні Колледждің акт залында учаскелік полиция инспекторы, капитан Адылбаев Арман Бауыржановичтың қатысуымен құқықтық сағат өтті. Іс-шараға Колледж білім алушылары қатысты.

Кездесу барысында есірткі қылмысына, алаяқтыққа, бопсалауға және буллингке қатысты өзекті мәселелер қаралды. Полиция капитаны білім алушыларға әкімшілік және қылмыстық құқық бұзушылықтар үшін жауапкершілікті егжей-тегжейлі түсіндіріп, заң мен құқықтық тәртіпті сақтаудың маңыздылығын атап өтті.

Жазғы кезеңдегі кәмелетке толмағандардың мінез-құлқы тақырыбына ерекше назар аударылды. Инспектор жасөспірімдердің түнде ересектердің еріп жүруінсіз қоғамдық орындарда болуына жол бермеу туралы еске салды, сондай-ақ өз қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін жазғы демалыста сақталуы тиіс сақтық шаралары туралы айтты.

Кездесу диалог форматында өтті- білім алушылар белсенді сұрақтар қойып, құзыретті жауаптар алды. Мұндай іс-шаралар жастардың құқықтық сауаттылығын арттыруға және заңға жауапкершілікпен қарауды қалыптастыруға ықпал етеді.