14.05.2025 жылы Павлодар медициналық жоғары колледжіңде “Қазақтану” үйірмесі аясында Абай Құнанбайұлының 180 — жылдығына арналған “Абай әлемі” атты зияткерлік байқауы өткізілді! Үйірме жетекшісі — Мутапова Сауле Кайратовна. Байқауға 120 “Емдеу ісі”, 21 “Мейіргер ісі”, 23 “Мейіргер ісі” топтарының білім алушылары қатысып, бақ сынады.
Байқау 4 кезеңнен тұрды:
1 кезең: “Кім жылдам?”- сұрақтарға жауап беру.
2 кезең: “Қара сөзді таны” — қара сөздің номерін табу және мағынасын ашу.
3 кезең: “Өлеңді жалғастыр”
4 кезең: “Ой толғау” — пікір білдіру.
Білім алушылар сайысымызда Абай мұрасын қаншалықты білетіндерің көрсетіп, ой мен білім бәйгесіне түсті.
Байқау нәтижелері бойынша:
1 орын — 23 “Мейіргер ісі”
2 орын — 120 “Емдеу ісі”
3 орын — 21 “Мейіргер ісі”
Абай – ұлт руханиятының темірқазығы. Абай рухы – әрқашан жүрегімізде.