«ЖИТС-өмір сүру үшін білу» сынып сағаты

Студенттердің денсаулығын сақтау және әлеуметтік маңызы бар аурулардың алдын алу мәселелерінде хабардар болу деңгейін арттыру мақсатында жатақханада «ЖИТС — өмір сүру үшін білу» тақырыбында сынып сағаты өткізілді.

Іс-шара барысында қатысушылар:

— АИТВ және ЖИТС ұғымдарымен, олардың айырмашылықтарымен танысты;

— негізгі таралу  жолдары мен алдын алу тәсілдерін білді;

— бейнематериалды көріп, талқылауға қатысты;

— ауру туралы кең таралған мифтер талданды.

Іс-шара өз денсаулығына жауапкершілікпен қарауды қалыптастыруға және қауіпсіз мінез-құлық дағдыларын дамытуға ықпал етті.