Жаңа оқу жылының басынан Павлодар медициналық жоғары колледжінде сынып жетекшілерінің әдістемелік бірлестігі өз жұмысын бастады. Директордың оқу-тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Байгүлжина Ж.З.-ның жетекшілігімен өткен алғашқы отырыста 2025–2026 оқу жылына арналған негізгі жұмыс бағыттары, семестр қорытындысы бойынша қызметтің критерийлері, құжаттамаларды жүргізу, «Адал азамат» бірыңғай тәрбие бағдарламасын енгізу мәселелері талқыланды.


