Кездесудің мақсаты – жас мамандардың бейімделуіне қолдау көрсету, әкімшілікпен ынтымақтастық орнату және олардың кәсіби дамуына жәрдемдесу.
Іс-шараны оқу-тәрбие ісі жөніндегі директордың орынбасары Байгульжина Ж.З. жүргізді. Өз сөзінде ол педагог мамандығының маңыздылығын атап өтіп, жас мамандарға жауапкершілікті және үнемі кәсіби өсіп отыру қажеттілігін ерекше айтты.
Жас педагогтар өздерін таныстырып, үміттері мен жоспарларымен бөлісті. Ашық диалог барысында қатысушылар оқу процесінің өзекті мәселелерін, тәрбие жұмысы мен қызметтің ұйымдастырушылық қырларын талқылады.


