«Қамқорлық» фракциясы – ортақ іске бірге!
Біз студенттік парламенттегі «Қамқорлық» фракциясының жұмысының нәтижелерімен сіздермен бөліскіміз келеді.
Біз үшін волонтерлік – жай ғана көмек емес, айналамыздағы әлемді жақсартып, өзгерту мүмкіндігі! Сондықтан біздің команда қиын жағдайға тап болған жандарға қолдау көрсететін түрлі бастамалар мен жобаларға қатысады.
Біз тіпті шағын еңбектің өзі үлкен өзгерістерге жол аша алатынына сенеміз. Бастамаларымызды қолдап жүргендердің барлығына алғыс айтамыз! Сіздердің әрқайсыңыз – біздің үлкен ісіміздің бір бөлшегісіз.
#біздіңТжКБ#PROFМарафон#нашеТиПО


