Құрметті ардагерлер!

 

Павлодар медициналық жоғары колледжінің әкімшілігі, кәсіподақ комитеті және ұжымы сіздерді Ізгілік пен құрмет күнімен шын жүректен құттықтайды!

Бұл мереке – сіздердің көп жылғы еңбектеріңізге, даналығыңыз бен жанқиярлығыңызға деген терең ризашылықтың белгісі. Сіздер колледжді дамытуға тек біліміңізді ғана емес, жүрегіңізді де арнап, талай буын медицина мамандарын тәрбиеледіңіздер.

Сіздерге мықты денсаулық, ұзақ та бақытты ғұмыр, жақындарыңыздың қамқорлығы мен сүйіспеншілігін тілейміз. Өмірлеріңіз қуанышқа, жылылыққа және лайықты құрметке толы болсын!