1 қазан күні Павлодар медициналық жоғары колледжінде
Мұғалімдер күні мен техникалық және кәсіптік білім беру күніне арналған салтанатты шара өтті.
Колледж ұжымын Павлодар облысы денсаулық сақтау басқармасының басшысы И.М. Шаметеков құттықтады. Өз сөзінде Иран Маратұлы колледж оқытушыларының еңбегінің маңызын атап өтіп, олардың еңбекқорлығы, өз ісіне адалдығы мен төзімділігі болмаса, бүгінгі жетістіктер мүмкін еместігін айтты.
Жоғары кәсібилігі, мамандығына адалдығы және денсаулық сақтау саласына кадрлар даярлауға қосқан елеулі үлесі үшін оқытушылар Павлодар облысы денсаулық сақтау басқармасының Алғыс хаттарымен және «Senim» денсаулық сақтау жүйесі қызметкерлерінің салалық кәсіподағының Құрмет грамоталарымен марапатталды.
#біздіңТжКБ#нашеТиПО


